11
наурыз
2022
Қанатбек Бәйсейітовтың "Күләш" әңгімесі тақырыбында ашық сабақ
№34 жалпы орта білім беретін мектепте 2022-жылдың 11-наурыз күні бастауыш сынып бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес Ақылбаева И. 3-сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өтілді. Тақырыбы: Қанатбек Бәйсейітовтың "Күләш" әңгімесі. Сабақтың мақсаты:Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында "Таза айна" әдісі, "Топтастыру" әдісі, "Фортепьяно" әдісі, "Ара ұясы" әдісі, "Блум түймедағы" әдіс-тәсілдер қолданды.
