13
маусым
2024
"Жолың болсын, Жас Түлек !" атты аттестат тапсыру салтанатты іс-шарасы
"Жолың болсын, Жас Түлек!"
Мектепте 2024 жылдың 13 маусым күні 11-сынып түлектеріне арналған "Жолың болсын, Жас Түлек !" атты аттестат тапсыру салтанатты іс-шарасы өткізілді. Мектеп директоры К.А.Боржуков түлектерді үлкен өмірге қадам басуларымен құттықтап, ізгі тілектерін айтып, сәт сапар тіледі. Түлектер тарапынан "Ұстазға алғыс" әні орындалып, өлең шумақтары айтылды. Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері, мектеп кураторы Г.Б.Арыстанбекова және мектеп директоры тарапынан түлектерге аттестат тапсырылды. Өз кезегінде түлектерімізді ата-аналары мен қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ата-аналар комитеті төрайымы С.Оразаевада құттықтау жүрек жарды тілектерін жеткізді. "Қош бол мектебім" әсем әуені орындалып түлектеріміз алтын ұя мектептерімен қимай қоштасты. Биылғы 2023-2024 оқу жылында 4 түлек мектеппен қоштасты. Сәт сапар саған-жас түлек








