27
қыркүйек
2023
" Табысты түлек" кездесу кеші
№ 34 жалпы орта білім беретін мектебінде " Еңбек күніне" орай кәсіптік бағдар беруші педагогі Б.Қайратқызының ұйымдастырумен 9-10 сынып білім алушыларымен және мектебіміздің түлектерімен " Табысты түлек" кездесу кешін өткізуді. Кездесудің мақсаты: түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау. Оқушылар келген түлектерге қызықты, көкейкесті сұрақтарын қойып ұтымды жауап алды. Кездесу кешін мектебіміздің түлегі, мектеп педагогі, тарих пәнінің мұғалімі Керимов Әзімбек "Ісім оңсын десеңіз сол істің маманы болыңыз, даңқым шықсын десенің көпшіліктің адамы болыңыз" деген Әл -Фарабидің сөзімен тәмәмдады.
