06
сәуір
2023
"Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында "Мен қазақтың қызымын" анасы мен қызы байқауы
Мектепте "Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында "Мен қазақтың қызымын" анасы мен қызы байқауы өтті. Байқауға 2-сыныптан Мұхтар Айару, анасы Мусаева Гүлназира, 3-сыныптан Алтынбекқызы Ақнұр, анасы Еркехожаева Назгүл, 4-сыныптан Сәкен Айзере, анасы Күрішбаева Ақерке, 5-сыныптан Жашарби Жасмин, анасы Кулбекова Венера ат салысты. Қатысушы аналарымыз бен аруларымыз барлық кезеңнен мүдірмей өз өнерлерін көрсетті. Анаға қарап қыз өсер демекші, аналарымыз әрқашан қыздарымызға үлгі, өнеге болып жүргей. Байқау нәтижесінде "Қыз еркем, анасы мен көркем" номинациясы бойынша Жашарби Жасмин анасымен, "Аяулы ана, ару бүлдіршін" номинациясымен Алтынбекқызы Ақнұр анасымен, жүлделі "І орын" Мұхтар Айару анасымен, "Бас жүлде" Сәкен Айзере анасымен қанжығасына байлады. Аналарымыз бен қыздарымыз марапатталып, ата-аналардың демеушілігімен бағалы сыйлықтар табысталды.

