18
қазан
2022
"Менің сүйікті кейіпкерім" тақырыбында 3-6 сынып оқушылары арасында сурет байқауы
Мектептің тәрбие жоспарына сай "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітапханашы Г.Акимбекованың ұйымдастыруы мен "Менің сүйікті кейіпкерім" тақырыбында 3-6 сынып оқушылары арасында сурет байқауы өтті. Нәтижесінде 5-сынып оқушысы Ержан Аружан жүлделі ІІІ орын, 4-сынып оқушысы Сәкен Айзере ІІ орын, 5-сынып оқушысы Қошығұл Мейірлан І орын иеленіп, марапатталды. Жас суретшілерімізге сәттілік тілеп, қаламдарың ұштала берсін дейміз!

