Мектепішілік ғылыми жобалар байқауы
Мектепішілік ғылыми жобалар байқауы
№34 ЖОББМ -те аудандық білім бөлімінің 19- сәуір 2021 жылғы №110 бұйрығына сәйкес оқушылардың ғылыми – зерттеу және оқу – танымдық жұмыстарын ынталандыру мақсатында мектепішілік «ғылыми жоба -2021» байқауы өтті. Байқауға мектепалды даярлық тобының оқушысы Мұхтар Айару «сүйікті үй жануары - құлыншағым», 3- сынып оқушысы Қошығұл Мейірлан «қымыз- шипалы сусын», 4- сынып оқушысы Тоқтағұл Әмина «сарымайдың пайдасы», 7- сынып оқушысы Исырайыл Дильназ «Жамбыл Жабаев тәуелсіздік феномен құндылықтары» тақырыптарында ғылыми зерттеу жұмыстарын қорғады. Зерттеу жұмыстарын саралап бағалау үшін директордың оқу –ісі жөніндегі орынбасары Акылбаева А, тарих пәнінің мұғалімі Керимов Ә, биология пәнінің мұғалімі Еркехожаева А сараптама комиссиясы болып бекітілді. Байқау нәтижесінде Тоқтағұл Амина 1-орын, Мұхтар Айару 2- орын, Қошығұл Мейірлан 3- орын, Исырайыл Дильназ алғыс хатпен марапатталды.



