24
сәуір
2025
Кезектен тыс педагогикалық кеңес
24.04.25ж мектепте кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізілді. Пед.кеңесте мектеп директоры К.Боржуков "Орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 10 шілдедегі №174 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндіру жұмысын жүргізді. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ахилбаева 9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2025 жылғы 29 мамырдан бастап 10 маусым аралығында;
11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2025 жылғы 30 мамырдан бастап 16 маусым аралығында өтетін мерзімдері туралы айтып өтті.
![]() | ![]() |