28
сәуір
2025
«Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі»
№34 жалпы орта білім беретін мектебінде 9-11 сынып ата-аналарының жиналысы өтті.
Тақырыбы: «Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі».
Мақсаты: 9 және 11-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру және өткізу ережелерімен ата-аналарды таныстыру.
Жиналысты 9-сыныптың сынып жетекшісі Керимов А. және 11-сыныптың сынып жетекшісі Муртазаева Гүлнара өткізді.
Сынып жетекшілер ата-аналарға қорытынды аттестаттаудың талаптары туралы толық ақпарат берді:
1. Қорытынды аттестаттау оқушылардың мемлекеттік стандарттарды меңгеру деңгейін анықтауға бағытталғаны;
2. 9 және 11-сыныптар үшін аттестаттаудың бітіру емтихандары ретінде өткізілетіні;
3. Аттестаттау нәтижесінде мемлекеттік үлгідегі негізгі орта немесе жалпы орта білім туралы аттестат және «Алтын белгі» беру мүмкіндігі қарастырылатыны;
4. Денсаулық жағдайына, мүгедектігіне, халықаралық жарыстарға қатысуына немесе жақын туысының қайтыс болуына байланысты кейбір оқушылар аттестаттаудан босатылатыны;
Сондай-ақ емтихан материалдарының дайындалу тәртібі және бағалау шкаласы түсіндірілді.
Емтихан кестесі:
1. 9-сыныптар: 2025 жылғы 29 мамыр – 10 маусым аралығы;
2. 11-сыныптар: 2025 жылғы 30 мамыр – 16 маусым аралығы.
Қорытынды:
Ата-аналарға қорытынды аттестаттаудың маңызы, талаптары және өткізу шарттары толық түсіндірілді. Жиналыс барысында қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
9-11 сынып жетекшілері: Муртазаева Г. Керимов А.
![]() | ![]() |