“Шын білім тәжірибеде” ашық сабақ шеруі » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Шын білім тәжірибеде” ашық сабақ шеруі
28
ақпан
2025

“Шын білім тәжірибеде” ашық сабақ шеруі

Мектепте “ШЖМ үздік мұғалімі” мектепішілік кәсіби байқаудың жоспарына сәйкес 27 ақпан күні “Шын білім тәжірибеде” ашық сабақ шеруінде 10-сынып білім алушыларымен “Quantifiers;Countable and uncountable nouns” тақырыбында ашық сабақ өтті.Ашық сабақтың мақсаты оқушыларға саналатын және саналмайтын зат есімдерді түсіндіріп, оларды сөйлемде дұрыс қолдануды үйрету болды.
Сабақ барысында оқушылардың ағылшын тілі бойынша білімдерін тереңдету мақсатында әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабақтың басында үй тапсырмасы сұралып, оқушылардың тақырыпқа қатысты дайындық деңгейі тексерілді. Одан кейін оқушылар суреттерде жасырылған countable және uncountable зат есімдерін анықтап, топқа бөлінді. Study Strategy әдісі арқылы олар жаңа сабақтың сөздіктерін тауып, танысты. Сабақ барысында көрсетілген бейнемазмұн оқушылардың жаңа ақпаратты қабылдауын жеңілдетіп, түсініктерін кеңейтті. Learning Apps платформасы арқылы жаңа сабақты пысықтап, оқушыларға интерактивті тапсырмалар ұсынылды. Одан соң, жеке жұмыс барысында оқушылар “Thinking it” әдісін пайдаланып, өз ойларын дамытуға мүмкіндік алды. Жұптық жұмыс “We will think together” әдісі арқылы жүргізіліп, оқушылар бірігіп тапсырмаларды шешті. Топтық жұмыс кезінде “Continue” әдісі арқылы ой бөлісіп, әрқайсысы өз үлесін қосты. Сабақтың қорытындысы ретінде Wordwall платформасында ойын элементтері арқылы сабақты пысықтап, қорытындыланды. Кері байланыс құндылыққа бағытталған ою әдісі арқылы жүзеге асырылды, бұл оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, олардың өздерін бағалау дағдыларын қалыптастырды. Әр тапсырма барысында оқушылардың жұмысы дескриптор арқылы бағаланып, оқушылар өзара бір-бірін мадақтап отырды. Сабақты ағылшын тілі мұғалімі Абдукадирова Жанна өткізді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив