28
желтоқсан
2023
"Қош келдің Жаңа-жыл!"
Жаңа жыл — жаңа күнтізбелік жыл басталып, күнтізбенің жыл саны бірге өсетін уақыт. Мектебімізде 2023 жылдың 28 желтоқсан күні
"Қош келдің Жаңа-жыл!" тақырыбында 8-11 сыныптар аралығында балмаскарад өтті. Жаңа жылдық кеште мектеп директоры К.А.Боржуков құттықтау сөз сөйлеп барша қатысушыларға тілегін білдірді. Мектеп директоры өткен жылдағы жетістіктерімізге тоқталып, алдағы жылдан үлкен үміт күтетінін айта келе, әр отбасына амандық, бірлік, береке, табыс тіледі. Облыстық байқаулардан орын алған білім алушыларды марапаттады. Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері, мектеп кураторы А.Б.Арыстанбекова жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтап, келіп жеткен 2024 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыстар тіледі. Жаңа жыл мерекелік кеште әуезді әндер айтылып, қызықты ойындар ойнатылды. "Алаш ұлдары" әніне қазақша биін 8-сыныптың ұлдары нақыша келтіріп биледі. Кеш көңілді өтті. ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН








