27
желтоқсан
2023
5-7 сыныптарға арналған Жаңа жылдық шырша кеші
№34 жалпы орта білім беретін мектебінде 5-7 сыныптарға арналған Жаңа жылдық шырша кеші өтті. Жаңа жыл мерекесінде 5-сыныптардың оқушылары би билеп, ән салды. Балалар өнерлерін қызыға тамашалады, музыка және би өнерінде дайындаған. Мерекенің басты қонақтары Аяз Ата мен Ақшақар және кеш қонақтары Аю мен Айдаһар, Ұлу болды. Көңілді ән әуенімен би басталды. 6-сынып оқушылары «Жаңа жылдық көрініс" қойып, ән айтты. Кеш бағдарламасы ойынмен жалғасып әр сыныптан бір оқушы шығып, қолдың көмегінсіз шар үрлеп жарысты. 7 сынып оқушылары флешмоб биледі. 5-7 сыныптардың кештері Жаңа жылдық әнмен аяқталды.

