01
маусым
2022
1 маусым - Балаларды қорғау күні.
1 маусым - Балаларды қорғау күні. Бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. "Балалар жылымен" тұспа -тұс келген балаларды қорғау күні мерекесі мектебімізде ""Балаларымыздың игілігі үшін!" тақырыбында өтті. Мерекелік концертті мектеп директоры Е. Далиев құттықтау сөзімен ашып, балаларды атаулы мерекесімен құттықтап , мерекенің мән-мағынасына тоқталып, "Жаңа Қазақстанның" жарқын болашағы - балалар екенін атап өтті. Мектебіміздің жез таңдай әншілері Е. Хусайн, А. Өсер, мен А. Тоқтағұл " Бір үйдің баласындай" әнін нақышында орындаса, бүлдіршін қыздарымыз "Гүлдер" биін биледі. Мерекелік концерт флешмобпен аяқталды.
# балаларбақытыаманат*
# балаларбақытыаманат*
