"Армысың, әз Наурыз!" атты мерекелік концерттік бағдарлама » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Армысың, әз Наурыз!" атты мерекелік концерттік бағдарлама
17
наурыз
2023

"Армысың, әз Наурыз!" атты мерекелік концерттік бағдарлама

Наурыз мейрамы - көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды. Мерекені тойлау барысында  №34 ЖОББМ-де  "Армысың, әз Наурыз!" атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Мерекелік кеште мектеп директоры Е.А.Далиев  ардагер ұстаздарымызды, қамқоршылық кеңесінің мүшелерін, ата-аналарды, ұстаздар мен білім алушыларды  мерекемен құттықтады. Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі екендігін айтып, жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкеліп, еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын деп жылы лебізін білдірді. Мерекелік концертте мың бұралған бишілеріміз қазақ, қара жорға биін билеп, әдемі әндерін тарту етті. Сонымен қатар Наурыз мерекесі балаларымыздың бойында ұлттық құндылықтарымызды сіңіретін мереке, әрі қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен насихатталатын мереке. Осы орайда "Бесікке салу", "Тұсау кесер" салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетілді. Ардагер ұстазымыз С.Сақтапова жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив