"Достық" жазғы лагерінде "Шабыт" тобымен "Қызық екен" интеллектуалды
"Достық" жазғы лагерінде "Шабыт" тобы "Қызық екен" интеллектуалды ойынына белсене қатысты. Шараның мақсаты – оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін, есте сақтауын және логикалық пайымдауын дамыту. Балалар топқа бөлініп, түрлі қызықты сұрақтарға жауап беріп, тапқырлықтары мен білімдерін ортаға салды. Ойын барысында ұжымдық бірлік, ұйымшылдық, жауапкершілік дағдылары дамыды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, балалар көтеріңкі көңіл-күймен, жағымды әсермен қайтты.