Материалы за 02.06.2025 » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» Материалы за 02.06.2025
"Достық сауықтыру" лагерінде "SunTEAM" тобымен қауіпсіздік сабағы
02
маусым
2025
"Достық сауықтыру" лагерінде "SunTEAM" тобымен қауіпсіздік сабағы
2025 жылдың 2-маусым күні "Достық сауықтыру" лагерінде "SunTEAM" тобымен қауіпсіздік сабағы өткізілді.  Сабақтың мақсаты: балалардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, қауіпті жағдайлардың алдын алу және алғашқы көмек көрсету болды. Сабақ барысында:  ● Лагерьдегі тәртіп пен ішкі қауіпсіздік ережелері; ● Жүзу және су айдындарындағы қауіпсіздік; ● Өрттің алдын алу шаралары; ● Жолда жүру ережелері туралы  және көшеде күннің астында жүру т.б түсіндірілді.
"Достық" сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты
02
маусым
2025
"Достық" сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты
"АЛТЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ" Мектебімізде 2025 жылдың 2 маусым күні балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Достық" сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті. Мектеп жанындағы лагер барысында қатысушыларға "Қауіпсіздік сабағы" өткізіліп, "Алтын балалық шақ" тақырыбында мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Концертте әр топ өздерінің атын, ұранын таныстырып, "Көңілді күн", "Уақыт", "Отан әндері" шырқалса, биші қыздарымыз "Гүлдер" биін билеп өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар
"Достық" сауықтыру алаңы
02
маусым
2025
"Достық" сауықтыру алаңы
"Достық" сауықтыру алаңында "Қыран" тобы ашылу салтанатында Қамай Нұрсұлтан, Қамай Ерсұлтан "Уақыт" әнін шырқады. Хусаин Айым, Орынбасар Айым және Еламанқызы Мадина "Гүлдер" биін биледі. Қызықты ойындар ойнатылып, тәтті балмұздақ тар таратылды.
Жаздағы қауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстары
02
маусым
2025
Жаздағы қауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстары
"Достық" сауықтыру алаңында "Қыран" тобы таңғы жаттығулар жасады. Жаздағы қауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
9-сынып оқушылары “Қазақ тілі” пәнінен қорытынды аттестаттау емтиханы
02
маусым
2025
9-сынып оқушылары “Қазақ тілі” пәнінен қорытынды аттестаттау емтиханы
Бүгін мектебімізде 9-сынып оқушылары “Қазақ тілі” пәнінен қорытынды аттестаттау емтиханын тапсырды. Емтихан форматы бойынша оқушылар эссе жазды, яғни өз ойларын еркін, жүйелі, сауатты жеткізе білу қабілеттерін сынады.  Эссе жазу — тек білім мен тілдік сауаттылықты ғана емес, оқушының дүниетанымы мен шығармашылық қабілетін де көрсететін маңызды жұмыс.  Оқушылар үлкен жауапкершілікпен дайындалып, алған білімдерін дәлелдеуге тырысты. Алдағы нәтижелер сәтті болады деп сенеміз! Барша шәкірттерімізге
"Дарынды білім алушылар" шеруі
02
маусым
2025
"Дарынды білім алушылар" шеруі
"Дарынды білім алушылар" шеруі 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткен шеруде мектебімізден облыстық "Жырлаймын сені туған ел!" байқауының жеңімпазы  Отархан Ақбөпе қатысып кубокпен және сыйлықтармен марапатталды!
"Достық сауықтыру" лагерінде "Балдырған" тобы
02
маусым
2025
"Достық сауықтыру" лагерінде "Балдырған" тобы
2025 жылдың 2-маусым күні "Достық сауықтыру" лагерінде "Балдырған" тобы асфальтта сурет салды. Мақсаты: Балалардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін арттыру. Балаларды сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Іс-шара барысында тәрбиешілер балаларға мерекелік көңіл-кдомсыйлай отыра, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, сурет салуғa деген ынталарын арттырды. Балалар түрлі-түсті бордың көмегімен түрлі сурет салу өнерін көрсетті.
"Достық сауықтыру" лагерінде "Балдырған" тобымен қауіпсіздік сабағы
02
маусым
2025
"Достық сауықтыру" лагерінде "Балдырған" тобымен қауіпсіздік сабағы
2025 жылдың 2-маусым күні "Достық сауықтыру" лагерінде "Балдырған" тобымен қауіпсіздік сабағы өткізілді.  Сабақтың мақсаты: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасында, оларға қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу және жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік шараларын жетілдіру,  қауіпті жағдайлардың алдын алу және алғашқы көмек көрсету болды. Сабақ барысында балалар жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерін айтып, ойларымен бөлісті.