“Кейіпкерлер шайқасы”
“Жалын” тобы — шынайы әдеби отқа оранды! “Кейіпкерлер шайқасы” атты әсерлі әдеби ойында балалар қазақ және әлем әдебиетінің батырлары мен кейіпкерлерін сахнаға шығарып, өзара “шайқастырды”. Бірі Ер Төстікті жақтады, бірі Шерханның көзқарасын қорғады. Бұл — жай ойын емес, бұл — ой, сөз, қиял мен кітапқа деген махаббаттың көрінісі! Мақсат — балалардың әдеби дүниетанымын кеңейту, кейіпкерлерді сараптай білуге және өз пікірін дәлелдей алуға үйрету. Кітапханашы: Шакирова Аймарал Орны: “Достық”