21
маусым
2024
«AQYL BattLE» интеллектуалды ойыны
«Достық» сауықтыру алаңында мектеп тәлімгері Б.Қайратқызы «Болашақ» тобымен «AQYL BattLE» интеллектуалды ойынын өткізді. Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу, танымдық білімдерін арттыру. Ойын барысында «Болашақ» тобының оқушылары «Миллион» және «Білімділер» командасы болып топқа бөлініп сайысты. Интеллектуалды ойында «Wordwall» электронды платформасы арқылы сұрақтар қойылды. Ойын нәтижесінде «Миллион» командасы жеңіске жетті.
