02
маусым
2025
"Достық" сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты
"АЛТЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ" Мектебімізде 2025 жылдың 2 маусым күні балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Достық" сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті. Мектеп жанындағы лагер барысында қатысушыларға "Қауіпсіздік сабағы" өткізіліп, "Алтын балалық шақ" тақырыбында мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Концертте әр топ өздерінің атын, ұранын таныстырып, "Көңілді күн", "Уақыт", "Отан әндері" шырқалса, биші қыздарымыз "Гүлдер" биін билеп өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар балалардың функционалдық сауаттылығын, жылдамдығын арттыруға бағытталған ойындар ойнатылды. Мектебіміздің 2005 жылы бітірген 20 жылдық түлектерінің атынан лагерге қатысушы 50 балаға тәтті балмұздақтар тарту етілді. Мектеп педагогтерінің ұйымдастыруымен "Көңілді аю", "Сақымазақ" қонаққа келіп, бүлдіршіндерге қуаныш, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. балалар асфальтқа өз армандарындағы суреттерін салып, көңілді тарады. БАЛАЛАРҒА БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ТІЛЕЙ ОТЫРЫП, ДЕМЕУШІ БОЛҒАН 1987 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕРІМІЗГЕ ӨЗ АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ.
![]() | ![]() |