09
қаңтар
2023
"оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру арқылы құзыреттілікке қол жеткізу"тақырыбында айлықтың ашылу салтанаты
34 ЖОББМ 9.01-30.01.2023 ж аралығында мектепішілік жоспарға сай қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің айлығы жүргізіледі.Бүгін "оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру арқылы құзыреттілікке қол жеткізу"тақырыбында айлықтың ашылу салтанаты өтті.Мақсаты: тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.Аталған іс-шара барысында,қазақ халқының ұлттық тағамдары насихатталды,оқушылар тілімізге құрмет танытып, тіл туралы өлең-жолдарын оқыды,енді біреуі би билесе,бірі ән шашуларын арнады.Ашылу салтанаты өз мақсатына жетті.Айлық жоспарға сай,айдың соңына дейін жүргізілетін болады
