Психолог парақшасы » Страница 4 » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ауадағы би кеші» тақырыбында  психологиялық жаттығу
09
қараша
2023
«Ауадағы би кеші» тақырыбында психологиялық жаттығу
Мектеп психологы:  Г.А.Нурмаханбетова  Мектепалды сыныбы оқушыларымен «Ауадағы би кеші» тақырыбында  психологиялық жаттығу өткізді. Мақсаты: Достық сезімдерін білдіру және алғыс айта біліуге дағдыландыру.   Жаттығу барысында оқушылар шеңберге тұрып өз есімдерін айтып  келесі балаға алғыс   сөзін айтумен жалғастырды.
«Менің атым ...   Мен өзімді сүйемін себебі ....» тақырыбында  психологиялық жаттығу
09
қараша
2023
«Менің атым ... Мен өзімді сүйемін себебі ....» тақырыбында
Мектеп психологы: Мектепалды сыныбы оқушыларымен «Менің атым ...   Мен өзімді сүйемін себебі ....» тақырыбында  психологиялық жаттығу өткізді. Мақсаты: Топтағы қатысушылардың аттарын еске түсіріп, қалпына келтіру, жұмыс атмосферасын құру, сөздік қорын дамыту.  Жаттығу барысында оқушылар шеңберге тұрып өз есімдерін айтып және мен өзімді жақсы көремін себебі  сөзін жалғастырды.
"Ертегі терапиясы"
08
қараша
2023
"Ертегі терапиясы"
№34 ЖОББМ  8-7 сынып оқушылары аралығында  түзету-дамыту жұмысы бағыты бойынша "Ертегі терапиясы" ұйымдастырылды. Мақсаты: Жеткіншектердің тұлғалық ерекшеліктерін дамыту және түзету. Ертегінің желісін түсіндіріп, сөздік қорларын, ой-санасын және көз алдарына елестету қабілеттерін дамыту, ертегіні рөлге бөліп орындауға тәрбиелеу. Кейіпкерлерге енгізе отырып, пәнге деген қызығушылықтарын нығайту.
«Түсіністікке үйренеміз, мен сені түсінуге  тырысамын» тақырыбында  ата-аналармен тренинг
03
қараша
2023
«Түсіністікке үйренеміз, мен сені түсінуге тырысамын» тақырыбында
023 – 2024 оқу жылының қараша айының 3 күні оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған айлықтың барысында отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу мақсатында «Түсіністікке үйренеміз, мен сені түсінуге  тырысамын» тақырыбында  ата-аналармен тренинг  өткізілді.
"Қоғам және жастар" тақырыбында топтық кеңес
11
қазан
2023
"Қоғам және жастар" тақырыбында топтық кеңес
2023 ж қазан айында 8-11 сынып оқушыларымен "Қоғам және жастар" тақырыбында топтық кеңес ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократия кезеңінде. Егеменді еліміздің болашағын көркейтіп, қоғамымыздың дамуына өз үлесін қосатын – біздің жастарымыз екендігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізу. Қоғам дамуының алғы шарты - адам факторы, адамның білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты, қазіргі жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай
"ҰБТ мен үшін маңдызылығы қандай?" коучинг
10
қазан
2023
"ҰБТ мен үшін маңдызылығы қандай?" коучинг
2023 жылдың  10 қазан күні білім алушылардың  ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығын анықтау, оқушылардың өздігінен атқаратын білімдерін терең меңгеруге, біліктіліктерін қалыптастыруға психологиялық көмек көрсету; қобалжу, сенімсіздік, үрейден арылу  және оларды алдын алу мақсатында мектеп психологы Г.Нурмаханбетова 11- 9 сынып білім алушыларымен "ҰБТ мен үшін маңдызылығы қандай?" коучинг өткізді. Коучинг барысында «ҰБТ-ға шолу» пікірталас, "Сенімділік бейнесі" жаттығуы, «Шынымды айтсам», «Өз
"Төрт шырақ" аңызы желісі бойынша қойылым
05
қазан
2023
"Төрт шырақ" аңызы желісі бойынша қойылым
"Тұлға"психологиялық жоба аясында мектеп оқушыларымен "Төрт шырақ" аңызы желісі бойынша қойылым қойылды. Мақсаты: Оқушы бойындағы өмірге деген құштарлықты, үмітті арттыру, жағымсыз көңіл- күйдің алдын-алу, өмір құндылығын хикая арқылы ұғындыру.
1-сынып оқушыларымен ата-аналар кездесуі
29
қыркүйек
2023
1-сынып оқушыларымен ата-аналар кездесуі
29.09.2023ж 1-сынып оқушыларымен ата-аналар кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуде  1-сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері туралы ағарту жұмыстары мен кеңестер берілді.          Баланың білім ала бастауы шынымен де баланың өміріндегі ең маңызды және жауапты сәттердің бірі. Себебі, жаңа ортада қалай қарым-қатынас құра алатыным және жаңа байланыстар орната алатыным менің кім болатынымды және қоғамда (сынып ұжымында) қандай орын алатынымды анықтайды. Әлеуметтік бейімделудің арқасында «адам
«Сіздің суицидалды бейімділігіңіз» тақырыбында  алынған аяқталмаған сурет әдістемесі.
06
сәуір
2023
«Сіздің суицидалды бейімділігіңіз» тақырыбында алынған аяқталмаған
Психологиялық денсаулығын нығайту айлығы барысындағы диагностикалау №34 ЖОББМ бойынша 6-8 сынып оқушыларымен жүргізілген З.Королеваның  «Сіздің суицидалды бейімділігіңіз» тақырыбында  алынған аяқталмаған сурет әдістемесі. 9-11 сынып оқушылары аралығында Т. Климанның "Қақтығыстары іс-әрекет стильдері" сұрақнамасы  жүргізілді.  Мерзімі: 5 -7 сәуір 2023жыл Мақсаты: оқушылардың суицидке бейімділігін анықтау Нәтижесінде:  Тестің нәтижесі бойынша  6-8 сынып оқушылары арасында 31 оқушы . 9-11 сынып
"Бәрі өз қолымда" атты тренинг
05
сәуір
2023
"Бәрі өз қолымда" атты тренинг
Нашақорлық және мінез құлық ауруларының алдын алу және психологиялық денсаулықты нығайту" айлығының барысында 9-10 - сынып жетекшілері: Муртазаева Г., Нуралбеков О. "Бәрі өз қолымда" атты тренинг өтті. Мақсаты: өмірде өзіне сенімді болуға, өзін табуға, алдына мақсат қоя білуіне не үшін, не істеп жүргеніне жауап бере алуға үйрету. Ұйымдастыру кезенінде 9-  сынып жетекшісі Муртазаева Г. тренингтің ашылуын  "Сәлем сөздің атасы" атты жаттығумен бастады. Әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай