11
қазан
2023
"Қоғам және жастар" тақырыбында топтық кеңес
2023 ж қазан айында 8-11 сынып оқушыларымен "Қоғам және жастар" тақырыбында топтық кеңес ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократия кезеңінде. Егеменді еліміздің болашағын көркейтіп, қоғамымыздың дамуына өз үлесін қосатын – біздің жастарымыз екендігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізу. Қоғам дамуының алғы шарты - адам факторы, адамның білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты, қазіргі жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай ғылымға келуіне мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жастар – ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші, қоғамның жемісті дамуының кепілі екендігін, жастардың қоғамдық-саяси рөлі, жастардың жаңашылдыққа ұмтылысы жоғары деңгейде болғандықтан қоғамдағы өзгерістерден шет қалмау керектігін айтып өтті.
