03
ақпан
2025
"Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін" күніне орай психологиялық ойындар
№34 ЖОББМ «Психологиялық кеңес беру» айлығы аясында "Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін" күніне орай психологиялық ойындар, «Достық және ынтымақтастық –күшіміздің қайнар көзі» тақырыбында 7- 9 сынып оқушылары аралығында сынып сағаттары ұйымдастырылып өтілді. Мақсаты. оқушыларды бір-біріне көмек көрсетуге, ынтымақтастық пен командалық рухты нығайтуға, достықты бағалауға, бірге жұмыс істеуге үйрету. Сынып сағаты барысында оқушылар «біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген принципті түсініп, оны тек сыныпта емес, өмірде де қолдануға ынталанады. Бұл тақырып олардың өзара ынтымақтастықты, жауапкершілікті, адалдықты, достықты және түсіністікті тереңірек түсінуіне көмектеседі. Жауапты мектеп психологы: Нурмаханбетова Г.А.
![]() | ![]() |