06
қараша
2023
"Жол ережесінің қауіпсіздігі" 6.11-16.11.2023жыл аралығында онкүндік
"Жол ережесінің қауіпсіздігі" 6.11-16.11.2023жыл аралығында онкүндік.
Жол қауіпсіздік ережелерін бәріміз де сақтауымыз керек, ол ең алдымен өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін қажет. Жаяу жүргінші де, көліктегі жүргізуші де ережеге сай жүруі шарт.
Жолдан бағдаршамның тек жасыл шамы жанғанда ғана өтуге болады. Бағдаршам жоқ болған жағдайда, жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өту керек. Бірақ соның өзінде абай болып, ең алдымен жолға шықпас бұрын сол жағымызға қарап, машинаның жоқ екеніне немесе тоқтағанына көз жеткізіп қана өтуге болады. Жол ережелерін үнемі есте сақтау мақсатында алдағы онкүндік жоспарына сай тәрбие сағаттары, танымдық ойындар, мектеп инспекторлары мен кездесулер өткізілетін болады. ДТЖО А.Ертаева
