27
қаңтар
2025
"Жақыныңнан жылы сөз"
№34 ЖОББМ Психологиялық кеңес беру айлығы жоспарының аясында "Жақыныңнан жылы сөз" тақырыбында ата-ана өз баласына үндеу жолдады. Ата-аналар өз сөздерінде балаларына деген махаббатын жеткізді. Олар балаларына сенім артатынын, әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Сондай-ақ, балаларына өмірде қайсар, еңбекқор, мейірімді болуға шақырды.Үндеудің мақсаты — отбасы арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайту, жақындарына қолдау көрсетудің маңыздылығын түсіндіру.
