05
сәуір
2021
Мектепте білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
Мектепте білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру туралы Анықтама «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 21) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін, және оны беру қағидаларын», «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 46-қосымшасына сәйкес мектеп асханасының жұмысы ұйымдастырылды. №34 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 оқу тоқсанында мектеп асханасынан 5 оқушы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Ол оқушылар тамыз айындағы педагогикалық кеңестің қаулысымен тізімі бекітілген. Аталған оқушылардың әлеуметтік жағдайы зерделеніп, актісі толтырылды. Ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құжаттары жинақталды. Асхана жұмысының санитарлық талапқа сай ұйымдастырылуы туралы мектепішілік 29.03.2021ж №28 бұйрық шығарылды. Бекітілген ас мәзірі ілініп, рұқсат қағазы берілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 қаулысының 15 тармақшасында:«Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру және асханаға отырғызу осы қаулыға 46-қосымша сәйкес талаптарды сақтай отырып қамтамасыз етіледі»- делінген Сондықтан шектеу іс-шараларын , оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын талаптарды орындауда «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 46-қосымшасын қатаң басшылыққа ала отырып, асхана жұмысы ұйымдастырылуы қажет. 1.Асхана мен білім беру обьектісінің қызметкерлері арасында COVID-19дың таралуына жол бермеу мақсатында:қағаз немесе электрондық тасығышта (білім беру обьектісінің ғимаратынан оқшауланған кіру жағдайында ) тіркей отырып күнделікті «кіру сүзгісін» байланыссыз термометрия жүргізу және дене температурасы жоғары және (немесе) респираторлық инфекция белгілрі (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) бар адамдарды міндетті түрде оқшаулау арылылы ұйымдастыру; -обьектіге кіреберісте қолды тері антисептигімен (оның орнатылған дозаторлары көмегімен) немесе дезинфекциялау саулықтарымен өңдеуге арналған орынды ұйымдастыру (білім беру обьектісінің ғимаратынан оқшауланған кіретін жер болған жағдайда); -тұрақты қол гигиенасы үшін ортақ пайдаланылатын орындарда (өндірістік,санитарлық топтар) қолды сабынмен жууға арналған қолжуғыштар(оның ішінде қабырға дозаторларымен жабдықталған), қолды тері антисептигімен өңдеуге арналған дозаторлар,жеке қағаз сүлгілер, қақпағын ашуға арналған аяқ педалі бар қоқыс контейнерлерін орнату; -персоналды келушілермен жұмыс істеу кезінде пайдалану үшін бір рет қолданылатын медициналық маскалармен )жұмыс ауысымының және маскаларды ауыстырудың ұзақтығына қарай 2 сағатта кемінде 1рет), сондай-аққолды өңдеу үшін дизинфекциялау сулықтарымен немесе тері антисептиктерімен, қолғаптармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету қажет. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануға, сондай-ақ ылғалданған маскаларды пайдалануға жол берілмейді; -персоналды жұмыс орындары арасында қашықтықты(1,5 метрден кем емес) сақтай отырып, олардың асхананың қызметтік өндірістік үй- жайларына обьектінің қалыпты жұмыс істеу үшін қажетті барынша аз мөлшерде болуын қамтамасыз ету; -өндірістік процестермен(технологилық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету, шикізат пен өнімді жеткізу) байланысты жұмыстарды орындайтын адамдарды қоспағанда, асхана қызметіне байланысты емес адамдардың кіруін шектеу; -үзіліс және демалыс уақытында асхана қызметкерлерінің қозғалысын шектеу (обьекті аумағынан шығу, лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты емес басқа учаскелерге бару); -білім беру обьектісінің оқушыларымен, оқытушылар құрамымен және персоналымен ғана байланысатын қызметкерлерді анықтау қажет. 2.Жіті респираторлық инфекциялар (температура 370 С жоғары, жөтел,мұрынның бітелуі) және басқа да инфекциялық аурулар белгілері бар асхана персоналы жұмысқа кіріспейді. 3.Асхана кіреберісте және тамақтану залында қол жууға арналған жағдайлар, келушілердің қолын өңдеуге арналған тері антисептиктері көзделеді, олар көрінетін және қолжетімді жерлерде орнатылған. 4.Бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу мақсатында асхана тек оқушыларға , оқытушылар құрамына және білім беру обьектісінің персоналына ғана қызмет көрсетеді. 5.Асхана қызметкерлері мен келушілер (оқушылар,құрамы,білім беру обьектісінің персоналы) үшін асханаға кіру мүмкіндігінше бөлек көзделеді. 6.Асхананың толтырылуы тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатынан30№%-дан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады. 7.Үстелдерді , орындықтарды және өзге де мүкәммаларды орналастырудың үстелдер арасындағы және келушілер арасындағы 2 метр қашықтықты қамтамасыз етуді ескере отырып жүргізеді. 8.Асханалардың жұмыскерлері (сатушылар,аспаздар,даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да жұмыскерлер) келушілерге қолын жиі өңдей отырып, бір рет қолданылатын маскамен (маскаларды ауыстыру 2сағатта кемінде 1 рет )қызмет көрсетеді. 9. Асханаларда өзіне –өзі қызмет көрсету типі бойынша тарату жүргізілмейді. 10.Келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгі қою,қоршаулар мен тосқауыл ленталарын қою арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу, кіретін және шығатын адамдардың қозғалыс ағынын бөлу мүмкіндігін көздеу қамтамасыз етіледі. 11.Асханаларда карантиндік шараларды сақтау мүмкін болмаған кезде қол гигиенасын сақтау үшін жағдайлар болғанда тамақты бір рет қолданылатын ыдыспен немесе кейіннен дезинфекциялай отырып, көп рет қолданылатын ланч-бокстармен сыныптарға жеткізу ұйымдастырылады. 12.Арасында кемінде 2 метр қашықтық сақтала отырып,5 адамнан артық кезек құрылмайды. 13. Жоғары көрсетілген тамақтардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ететін жауапты қызметкер бекітіледі. 14.Буфет өнімдерін сату жеке режимі мектеп әкімшілігімен келісім бойынша тамақтану аяқталғаннан кейін (ағындар арасында) тамақтану залын жинау және дезинфекциялау үшін кемінде 40 минут үзіліспен белгіленеді. Қаулы етеді: 1.Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру және асханаға отырғызуда- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 қаулысының 15 тармақшасында көрсетілген талаптар басшылыққа алынсын. 2.Асхананың 30 пайыздан аспайтын қуаттылығына сай тамақтану кестесі жасалынсын. 3.Үстелдер мен орындықтар арасында кемінде 2 метр қашықтықта орналастыру жүзеге асырылсын. 4.Асханада өзіне-өзі қызмет көрсету типі бойынша тарату жұмыстары жүргізілмесін. 5.Асхананың жұмыс режиміне сай тамақтану аяқталған соң, тамақтану залын дезинфекциялауға 40 минут үзіліс белгіленсін. 6.Оқушылардың тамақтану барысындағы санитарлық талаптарының сақталуы қатаң бақылауда жүзеге асырылсын. 7. Төмендегі тізімде көрсетілген оқушылар ауысым бойынша жекелеген санаттарына қарай 5 оқушыны бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылсын 5 оқушы пед кеңестің шешімімен (І және ІІ) аусымда мектеп асханаасынан бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылсы 3-сынып оқушылары: 1.Күртібаев Нұрдаулет 4-сынып оқушылары: 1.Тахташпай Аянат. 5-сынып оқушылары: 1.Тахташпай Кәусар 2. Қамай Азамат 9-сынып оқушылары: 1.Қамай. Жансая 8.Осы қаулының орындалуын бақылау ДОТЖО А.Ақылбаеваға жүктелсін. Орындаған: ДОТЖО А.А.Ақылбаева