12
қазан
2021
9-11-сынып оқушыларымен және олардың ата- аналарымен қорытынды аттестаттау туралы түсіндіру жұмыстары



№ 34 ЖОББМ директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Акылбаева
9-11-сынып оқушыларымен және олардың ата- аналарымен қорытынды аттестаттау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қорытынды аттестаттауда емтихан бойынша уақыт қоры, емтихан нысандары , қай пәндерден тапсыратындығы туралы айтып өтті. Қорытынды аттестаттау мектеп базасында өткізіледі .
1) ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – жазбаша жұмыс (эссе), гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);
2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;
3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;
4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан
9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балдарды қою схемасы) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары(бұдан әрі – білім басқармалары), республикалық мектептердің 9 (10) сынып білім алушылары және мектептердің 11 (12) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) дайындайды. Қорытынды аттестаттаудың мазмұнын анықтайтын талаптар және күтілетін нәтижелер әр пән мен оқыту тілі бөлінісінде ерекшелікпен регламенттеледі.