09
маусым
2022
"Бақытты балалық:бала еңбегін қанауға жол жоқ" тақырыбында ағарту сабағы
Бала еңбегін қанау проблемасы бүкіл әлемде орын алып отыр. Бала еңбегі баланың дене дамуы мен психоәлеуметтік дамуына үлкен, кейде оңалмайтын нұқсан келтіреді. Бала еңбегі адамзаттық ресурстардың дамуына және еліміздің жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуына жағымсыз әсер етеді. Қалыптасып келе жатқан еркін рынок жағдайларында жұмыс жасайтын балалардың саны қарқынды түрде көбеюде. Бала еңбегі базарларда, мысалы, кәмелетке томағандардың еңбегі негізінен көкөністер мен жемістерді сұрыптау, жүк тиеу жұмыстары («арбакеш» жасөспірімдер деп аталатын) кезінде қолданылады, ал сирек жағдайларда жастары кіші кәмелетке толмағандар «қайыршы» ретінде пайдаланылуы мүмкін. Осыған орай мектепте "Достық" сауықтыру лагерінде "Жалын" тобында "Бақытты балалық:бала еңбегін қанауға жол жоқ" тақырыбында ағарту сабағы өтті. Мақсаты: білім алушыларға қоғамда кездесіп отырған балаларға қатысты еңбектің ауыр түрлерінің зияны мен салдары туралы түсінік беру, талқылау. Сабақ барысында білім алушыларға «Үлестірмелі парақшалар арқылы» ақпараттарды таратылды.

