29
қаңтар
2025
"Заң және тәртіп" айлығы аясында 5-10 сынып қыздарының қатысуымен жиналыс
Мектепте "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы жоспарына сай "Заң және тәртіп" айлығы аясында 5-10 сынып қыздарының қатысуымен жиналыс өтті. Жиналысқа мектеп директоры К.Боржуков, ДТЖО А.Ертаева, мектеп психологі Г.Нурмаханбетова және сынып жетекшілер қатысты. Жиналыстың басында "Мен сені жақсы көремін себебі..." тренингі өткізілді. Қыздарға заң және тәртіп туралы түсінік берілді. Мектеп директоры заң мен тәртіпке бағынған ел ғана қауіпсіз қоғам, құқықтық мемлекет қалыптастыра алатынын, заңды сақтау-әділеттіліктің, теңдікпен тәртіптің кепілі екендігін айтып, түсіндірді. Заң дегеніміз не?, Тәртіп дегеніміз не? - сұрақтарына постер қорғап, ойларымен бөлісті. Жиналысты қорытындылай келе қыз балалар өздерінің құқықтары мен міндеттерін ұғынды.
#Біртұтас_тәрбие#Жамбыл#34ЖОББМ
![]() | ![]() | ![]() |