Іс-шаралар » Страница 58 » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жол көлік оқиғасынан жарақаттанудың алдын алу"
19
қараша
2021
"Жол көлік оқиғасынан жарақаттанудың алдын алу"
N34 ЖОББМ 8-сыныптың  жетекшісі Муртазаева Г.Б."Жол көлік оқиғасынан жарақаттанудың алдын алу" атты тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: Оқушыларды жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді үйрету. Автомобильдері дәрі қобдишасында болатын дәрілік препараттардың тізбесі мен  мақсаты. Зардап шеккендерді көлік құралынан алып шығуды үйрету.
"Бақытты балалық шақ" тақырыбында тәрбие сағаты
18
қараша
2021
"Бақытты балалық шақ" тақырыбында тәрбие сағаты
 №34 ЖОББМ бойынша психологиялық жағдайды нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын-алу күзгі айлығы  аясында  5-сыныптың сынып жетекшісі: Сейткулова М. Бақытты балалық шақтың қызықтарын, өмірге деген қызығушылықтарын  арттыру, мейірімділікке, жақсылыққа тәрбиелеу мақсатында "Бақытты балалық шақ" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
"Өзіңе-өзің көмектес"(қиын өмірлік жағдайға тап болған оқушылармен профилактикалық сабақтар бағдарламасы) тақырыбындағы педагогикалық-психологиялық жоба
18
қараша
2021
"Өзіңе-өзің көмектес"(қиын өмірлік жағдайға тап болған оқушылармен
№34 ЖОББМ Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің айлығы аясында  мектептің педагог-психологы: Г. А. Нұрмаханбетова  "Өзіңе-өзің көмектес"(қиын өмірлік жағдайға тап болған оқушылармен профилактикалық сабақтар бағдарламасы) тақырыбындағы педагогикалық-психологиялық жобасынан таныстырылым жасады.  Авторлық жобаның құрылымы, бөлімдері, мақсаты мен міндеттері, тұжырымдамалық негізі, ұйымдастыру шарттары, іске асыру объектісі, күтілетін нәтижелерінен мағлұмат беріп өтті. Таныстырылым ұйымдастыру
Ұлттық валюта күні
15
қараша
2021
Ұлттық валюта күні
№34 ЖОББМ-де 15 қараша "Ұлттық валюта" күні аталып өтті. 4-сынып жетекшісі З. Туребаева 4-5 сыныптарға "Ұлттық валюта - теңге" тақырыбында  сынып сағатын өтті. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп,төл теңгеміздің тарихы туралы білімдерін толықтырды.
5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
12
қараша
2021
5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
12.11.2021 жылы №34 жалпы орта білім беретін 5-6 сыныптарға арналған Республикалық олимпиада өтті.Олимпиадаға 5-6 сынып оқушылары түгел қатысты.Онда білім алушылар  математика,Қазақстан тарихы,қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі және жаратылыстану пәндерінен тапсырды.Олимпиаданың барлық кезеңдеріндегі тапсырмалар бірдей. Тест саны-30,максималды балл-50.Тапсырмаларды орындау уақыты-60минут.
"мен және өмір" түзету сағаты
11
қараша
2021
"мен және өмір" түзету сағаты
№34 ЖОББМ бойынша 11.11.2021 жылы  психологиялық жағдайды нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын-алу күзгі айлығының  аясында 7- сынып жетекшісі Ж. Абдукадирова "Мен және өмір" тақырыбында  7-сынып оқушыларымен түзету сағатын өтті. Мақсаты: Оқушылардың өмірге деген қызығушылықтарын, құштарлықтарын ояту. Түзету сағаты ның барысында 1."Өмірді не үшін сүйеміз" слайд. Бейнебаян , Сұрақтарға пікір, Топтас, ойлан, талқыла әдісітерін қолданып, постер жасатты. Оқушылар өз
Жамбыл Жабаев 175 жыл. Жүз жыл жырлаған жүрек әдеби кеш
27
қазан
2021
Жамбыл Жабаев 175 жыл. Жүз жыл жырлаған жүрек әдеби кеш
Ағымдағы жылдың 27 қазанында 34 жалпы орта білім беретін мектебінде Тұрлыбай батыр ауылының кітапханашысы Г. Омашева, мектеп кітапханашысы Г. Акимбекова және мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М. Сейткулованың ұйымдастыруымен рухты жыр -дастандарымыздың жыршысына айналған, "ХХ ғасырдың Гомері" жыр дүлдүлі, ғасыр ақыны, жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған  "Жүз жыл жырлаған жүрек" атты әдеби кеш өтті.
"Мен және менің таңдаған мамандығым" тақырыбында тренинг
08
қазан
2021
"Мен және менің таңдаған мамандығым" тақырыбында тренинг
№34 ЖОББМ мектеп психологы Нұрмаханбетова Г. А. 9-11 сынып оқушларымен "Мен және менің таңдаған мамандығым" тақырыбында тренинг өтті. Мақсаты: Оқушыларды болашақ мамандық таңдауға бейімдеу, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру. Таңдаған мамандыққа деген құштарлығы мен сүйіспеншілігін ояту.
"Психогеометрия"-өзін-өзі тану " тақырыбында  тренинг
08
қазан
2021
"Психогеометрия"-өзін-өзі тану " тақырыбында тренинг
№34 ЖОББМ мектеп психологы Нұрмаханбетова Г. А. 9-11 сынып оқушларымен "Психогеометрия"-өзін-өзі тану " тақырыбында  тренинг, сауалнама жүргізді. Мақсаты: Оқушыларға геометриялық фигуралардан" Бұл-мен" деуге тұрарлық  фигураны таңдату арқылы бала бойындағы психологиялық қасиеттерін анықтау. болашақ мамандық таңдауға бейімдеу, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру.  Бойларындағы жағымды, жағымсыз қасиеттері мен сол қасиеттерге лайықты жанына жақын мамандық түрлерімен таныстырып, ақыл-кеңес берілді.
"Мен қаладым"  саралаушы диагностикалық сұрақтамасы
07
қазан
2021
"Мен қаладым" саралаушы диагностикалық сұрақтамасы
№34 ЖОББМ мектеп психологы Нұрмаханбетова Г. А. 9-сынып оқушыларынан  Е. А. Климов әдістемесі "Мен қаладым"  саралаушы диагностикалық сұрақтамасын жүргізіп. Оқушыларға әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екендігін оларды 5 топқа бөліп қарастыратыны жөнінде,  балалардың  қызығушылығы  мен мамандықтың нақты бір типіне сәйкес атауларымен таныстырып, олардың жандары на сәйкес келетін мамандық түрлері туралы ақыл кеңес беріп өтті.