18
қараша
2021
"Өзіңе-өзің көмектес"(қиын өмірлік жағдайға тап болған оқушылармен профилактикалық сабақтар бағдарламасы) тақырыбындағы педагогикалық-психологиялық жоба

№34 ЖОББМ Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің айлығы аясында мектептің педагог-психологы: Г. А. Нұрмаханбетова "Өзіңе-өзің көмектес"(қиын өмірлік жағдайға тап болған оқушылармен профилактикалық сабақтар бағдарламасы) тақырыбындағы педагогикалық-психологиялық жобасынан таныстырылым жасады. Авторлық жобаның құрылымы, бөлімдері, мақсаты мен міндеттері, тұжырымдамалық негізі, ұйымдастыру шарттары, іске асыру объектісі, күтілетін нәтижелерінен мағлұмат беріп өтті. Таныстырылым ұйымдастыру сәтінде ұстаздармен "Жүректен-жүрекке" тренингі, соңында ұжымшылдық пен қарым-қатынастарын нығайту мақсатында "Қаламсап" тренингі жасалынды.