26
желтоқсан
2022
"Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы өзекті мәселелер" тақырыбында 9-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел
N34 жалпы орта білім беретін мектебінде Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою халықаралық күрес күніне орай 25 қараша - 10 желтоқсан аралығында "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" науқаны іс-шара жоспарына сай ДТЖО А.Ертаева "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы өзекті мәселелер" тақырыбында 9-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті. Қазіргі күнде тұрақты проблемалардың бірі отбасындағы зорлық зомбылық мәселесі. Қоғамда зорлық – зомбылыққа жол жоқ. Зорлық- зомбылық құқықта – бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы деп айтылған. Мысалы тән азабын шектірген зорлыққа – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып соғу, денесіне зақым келтіру. Жан азабын шектіретін зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер етуі. Психологиялық зорлық-зомбылық балаға көңіл бөлмеу, кері итеру, баланы қорқыту, бақылау, баланың мінезіне ықпал етуі және т.б. Физикалық зорлық зомбылық – баланың денсаулығына физикалық күш көрсетуі, соққы, ұру, итеру, қарумен шабуыл жасау. Бопсалау – қысым жасау немесе мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша талап етуі түрінде көрінетін қылмыс. Ұлдар арасында зорлық – зомбылық қыздармен салыстырғанда көбірек кездеседі. Зорлық – зомбылықтың алдын алу, халықтың арасында құқықты түсіндіру, барлық адамдарға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру
