14
желтоқсан
2021
«Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы !» атты мектепішілік мерекелік концерт
2021 жылдың 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының 16 -желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай көркемдік жетекші А. Алимкулова, 10-сынып жетекшісі Г. Нурмаханбетова, 11-сынып жетекшісі Г. Тулисбаевалардың ұйымдастыруымен «Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы !» атты мектепішілік мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік концертті мектеп ұстаздары А. Жайлаубай мен Б. Қайратқызы жүргізді. Мерекелік іс-шараны мектеп директоры Е. А. Далиев құттықтау сөзімен ашып, мектеп ұжымын, оқушыларды ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуымен құттықтап, Тәуелсіздік ата-бабамыздың аңсаған арманы, баға жетпес байлығымыз екендігін естен шығармауға, егемен жеріміз атадан қалған мұрамыз , сондықтан оны көз қарашығындай сақтау керектігін айта отырып, балаларды осындай кең байтақ дала мен халқымыздың болашағы екендіктерін ескертті. Көркемдік жетекші А. Алимкулованың "Тарих толғауы" атты сахналық қойылымы сонау ықылым заманнан бері қазақ халқының тарихын, тәуелсіздіктің қалай, қандай бағамен келгендігін өте керемет суреттеп жеткізе білді, барша көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.











