14
мамыр
2021
"Ерліктің жарқын беттері"
"Ерліктің жарқын беттері"
Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай 8-10 сыныптарда "Ерліктің жарқын беттері" тақырыбында танымдық сағаттары өтті. Іс-шара барысында оқушылар 1941-1945 жылдар аралығындағы Қазақстаннан майданға аттанған ерлер туралы сөз қозғап, олардың ерліктерін атап өтті. Ия, қазақ көгіне батпан бұлт болып төніп, жаулықтағы анаға зілді нәубетін арқалатып, жөргектегі баланы әкесінен айырған, талай азаматтың тағдырын майданда мерт қылған – дәл соғыс уақыты. Қазақ халқы тарихында соғыс атаулы көп болғанымен, өткен ғасырда өзекке өрт болып түскен майдан көшінің соңғысы – Ұлы Отан соғысы. Осы соғыста мыңдаған қазақ ерлік көрсетті. Тылдағы халық жеңісті жақындату үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен күн демей, түн демей, демалыссыз еңбек етті. Олардың әрқайсысы майданға неғұрлым көп өнім берсе, жауға берілетін соққы соғұрлым пәрменді болатынын, демек, көп күттірген жеңістің тезірек келетінін жақсы түсінді.
Заман ағымын, болашақ халқының басына қандай күндер туатынын болжаған халықтың аяулы азаматтары қарапайым халқының көкірегін ұйқыдан оятып, көзін ашып, зор міндет етіп, бар даусымен, жан айқайымен өлең-жырға да қоса бастады. Халқымыз елін қорғаған, жерін жауға бермеген батырларын әрқашан да ардақ тұтады.