20
тамыз
2025
Тамыз конференциясы
Тараз қаласы 19 тамыз күні өткен конференциясында көтерілген ойлар баршамызға үлкен серпін берді. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің: «Ұрпақ тәрбиесі – жалғыз мұғалімнің емес, бүкіл қоғамның парызы» деген сөздері ерекше әсер етті.
Шынында да, бала тәрбиесіне тек мектеп емес, ата-ана, қоғам, заң орындары, тіпті көрші де үлес қосуы қажет. Өйткені баланың болашағы – елдің болашағы.
Конференцияда айтылған ұсыныстар мен бастамалар бізге жаңа оқу жылында тың серпін беріп, үлкен жауапкершілік жүктеді.
