25
қаңтар
2023
Ұрпақ тәрбиесі – Ұлт болашағы» тақырыбында кездесу
№34 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 25 қаңтар күні «Ұрпақ тәрбиесі – Ұлт болашағы» тақырыбында кездесу іс-шарасы өтті. Кездесуге Меркі аудандық бастауыш ардагерлер кеңесінің мүшесі Жәнібеков Нұрсұлтан Аралбайұлы, билер кеңесінің мүшесі М.Жұматаев, Е. Тірібаев және ауыл ақсақалдары, ата-аналар комитеті төрайымы қатысты. Кездесу іс-шарасында келген қонақтар таныстырылып, мектеп директоры Далиев Ержан Ахылбекұлы ұрпақ тәрбиесі тек ұстаздың ғана емес баршамыздың парызымыз. Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені қайта жаңғырту, озық өнегелі дәстүрді, адамгершілігі бар қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз екендігін айтып, білім мекемесіндегі жас ұрпақ бойында патриотизм қасиетін қалыптастыру мақсатында жүріп жатқан іс-шараларға тоқталып өтті. Кездесу барысында қадірлі қонағымыз Меркі аудандық бастауыш Ардагерлер кеңесінің мүшесі – Жәнібеков Нұрсұлтан Аралбайұлы баяндама жасап, өз баяндамасында өмірлік тәжірибелерінен түйген құнды ойларымен бөлісіп, балаларымызға болашақта рухани азық болатын кеңестерін берді. Қазіргі таңда әрбір азамат баласын тәртіпті, кішіпейіл, білімді шебер, еңбекқор, келешекте Отанымызды қорғайтын азамат болып өсуіне ықпалымызды тигізуіміз қажет. Оқушыларымыз арнап өлең шумақтарын тарту етті. Ұрпақ тәрбиесі-ұлт тәрбиесі Ұлтымыздың болашағы-тәрбиелі ұрпақтың қолында.


