19
мамыр
2025
Мектепалды сыныптарға қауіпсіздік сабағы
Ағымдағы жылдың 19-мамыр күні мектепалды сыныптарға қауіпсіздік сабағы өтілді. Жолда жүру ережелерімен таныстыру, мектеп ішіндегі қауіпсіздік, үйдегі қауіпсіздік, терезе ашық қалғанда қандай қауіпсіздік шараларын сақтау, суға шомылу, өрт кезіндегі болған жайтта не істеу керек, кімге хабарласу керек, қатты жарақат алғанда алғашқы көмек көрсету, 103-ке хабарласу, өрт кезінде 101-ге хабарласу керек екені, жазғы демалыста барлық қауіпсіздік шараларын сақтау керек екені туралы түсіндірілді.
• Электр құралдарына жақындауға болмайды
• Отпен ойнауға болмайды.
• Жолды тек жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүру керек.
• Үлкендердің айтқанын тыңдау керек, ашық терезенің жанына барып ойнауға болмайды.
• Қауіпті заттармен ойнауға тыйым салынады.
• Шомылуға барғанда абай болу керек, үлкендерсіз баруға рұқсат жоқ. т.б түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
