14
мамыр
2025
Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстары
Мектепте 2025 жылдың 14 мамыр күні 1-11 сынып білім алушыларының қатысуымен мектеп директоры К.Боржуков және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ертаева жаз мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру барысында білім алушыларға жазғы демалыс кезіндегі "Жолда жүру ережесін сақтау", өрт қауіпсізідігін сақтау, сонымен қатар суға шомылу маусымы аясында өзен көлдерге барып шомылмау, бассейнге тек ата-аналарымен бірге бару, барынша қауіпсіздік шараларын сақтау туралы, қалалы жерде ашық терезелердегі қауіпсіздік шаралары, күннің ыстығында басына күн өту кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтылды. Сонымен қатар мектеп жасындағы балалардың көлік айдауына болмайтындығы, электорскутер, мопед айдауға тыйым салынатындығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
![]() | ![]() | ![]() |