2024–2025 оқу жылының соңында өтетін “Соңғы қоңырау”, қорытынды аттестаттау және өзге де мектепішілік іс-шараларға байланысты төмендегі талаптарды назарларыңызға ұсынамыз:

ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

4, 9 және 11-сынып оқушыларынан мектеп қажеттіліктеріне орай ақша жинауға;

Аниматорлар, әртістер, агенттіктер мен студияларды шақыруға;

Мұғалімдерге немесе мектеп әкімшілігіне сыйлық беруге;

Мектеп ішіндегі жөндеу немесе тазалық жұмыстарына қаражат жинауға;

Мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары, саябақтар мен автокөлік шерулерін ұйымдастыруға;

Сынып ішінде дастарқан жаю немесе ата-аналардан қосымша ақша талап етуге.

ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР:

“Соңғы қоңырау” шарасына оқушының заңды өкілі ғана қатыса алады;

Барлық оқушыларға қауіпсіздік ережелері алдын ала таныстырылады;

Педагогикалық әдепті сақтау, әділдік пен жауапкершілік қағидаларын ұстану – ортақ міндетіміз;

Ашықтық, әділеттілік және бірлік – мектеп ұжымы мен ата-ана арасындағы негізгі құндылық.
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ СІЗДЕРМЕН БІЗГЕ ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТ!
