15
сәуір
2025
“Нашақорлық ғасыр кеселі” тақырыбында дөңгелек үстел
15.04.2025 жылы әлеуметтік педагог А.Бексултанова №34 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу көктемгі айлығының жоспарына сай 6-сынып білім алушыларымен “Нашақорлық ғасыр кеселі” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігінің бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелей отырып, білім беру, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Міндеттері:
1. Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру.
2. Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.
3.Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
![]() | ![]() |