10
қараша
2022
"Есірткісіз болашақ" тақырыбында тренинг
Мектепте 2022 жылдың 10 қараша күні оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу күзгі айлық жоспарына сай 5-6 сынып білім алушылары мен сынып жетекшілер А.Ақылбаева мен Ғ.Тулисбаева "Есірткісіз болашақ" тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: зиянды әдеттерден аулақ болып, өзінде өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Тренинг барысында білім алушылар бір-біріне жақсы тілектер білдіру арқылы жағымды орта қалыптастырды. Зиянды заттар туралы мәлімет берілді. Білім алушыларды "Денсаулық", "Салауат" топтарына бөлу арқылы постер жасалып, ой бөлісті. "Бәйге" әдісі арқылы сұрақтар қойылып, жауап алынды.
