14
сәуір
2025
«Атадан-өсиет, анадан қасиет»
«Атадан-өсиет, анадан қасиет»
№34 ЖОББМ-де 2025 жылдың 4 сәуір күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ертаеваның ұйымдастыруы мен "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Атадан-өсиет, анадан қасиет" тақырыбында әжелермен кездесу өтті. Мақсаты: білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды сіңіру, әже мен немере арасындағы байланысты нығайту, қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттау, әжелердің өмірлік тәжірибесін үлгі ету. Қазақ халқының ежелден келе жатқан қасиетті дәстүрлерін ұстанған әжелеріміздің бізге берер өсиеті мен үлгі-өнегесі өте көп.
Біз үшін әже – шын мәнінде отбасының құты, тәрбие бастауы, әрқашан ақылшы және мейірім шуағын сыйлайтын жан. Кездесу кешімізде әжелерімізді құрметтеп, олардың өмірлік тәжірибелерін тыңдап, олардан бағалы кеңестер алды. Кездесу 5-сынып ұлдарының "Алаш" биімен ашылып, Дарьябай Айзере мен Әдемінің "Әже" әнімен жалғасты. Пікірлесу айдарында қатысушылардан сауал, әжелерден өмірлік мағынасы кең өсиет айтылды. 6-сынып биші қыздары "Қамажай" биін тарту етті. Кездесу соңында "Әжемнің базарлығы" айдарында әжелеріміз білім алушыларымызға тәттілерін үлестірді.
