15
желтоқсан
2023
"Ата кәсіп берекенің бастауы"
Қоғамды ізгілендіруде аталарымыздың жастарға беретін ұлағатты тәрбиесі өте маңызды. Өскелең ұрпақ тәрбиесінде, отбасы құндылықтарын насихаттауда, салт-дәстүріміз бен ғұрыптарымызды жас ұрпаққа жеткізуде қазыналы қарттарымыздың орны бөлек. Осы орайда мектепте "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Даналық мектебі" клубының жұмыс жоспарына сай "Ата кәсіп-берекенің бастауы" тақырыбында "Аталар мектебінің" қатысуымен қолөнер көрмесі өтті. Мақсаты: білім алушыларымыздың бойында ұлттық құндылықтарымызды сіңіру, мектеппен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты күшейту. Қолөнер көрмесінде аталарымыз ат әбзелдері, қазақтың қара домбырасы, күбі, қамшы, торсық туралы мәліметтермен бөлісті.