11
сәуір
2025
«Мен нашақорлыққа қарсымын»
Нашақорлық және мінез құлық ауруларының алдын алу айлығы аясында «Мен нашақорлыққа қарсымын» тақырыбында 7-9 сыныптар арасында шығарма жазды.
Мақсаты:
Оқушылардың нашақорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру;
Салауатты өмір салтының маңыздылығын түсіндіру;
Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
Нашақорлықтың зияны туралы ақпарат беру;
Оқушыларды өз ойларын жазбаша түрде сауатты жеткізуге үйрету;
Қоғамдық мәселелерге бейжай қарамауға тәрбиелеу.
Шығарма жазу арқылы оқушылар нашақорлықтың зияны туралы ақпарат алып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсінеді. Бұл олардың болашақта дұрыс таңдау жасауына және қоғамда белсенді азамат болуына ықпал етеді. Жауапты: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахмет Қуанышкүл
