07
сәуір
2025
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
№34 жалпы орта білім беретін мектебінде 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған 11- сыныпта тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігін насихаттау болды.
Тәрбие сағатында денсаулықтың мәні, оны сақтау жолдары, зиянды әрекеттерден аулақ болу, дұрыс тамақтану мен спортпен шұғылданудың маңызы кеңінен айтылды.
Сондай-ақ, денсаулықтың алты аспектісі – физикалық, психикалық, жеке, рухани, эмоционалды және әлеуметтік денсаулық туралы түсініктер берілді. Олардың әрқайсысы адамның толыққанды және сапалы өмір сүруіне ықпал ететіні ерекше атап өтілді.
Тәрбие сағаты барысында денсаулық – зор байлық екені, оны сақтау – әр адамның өз қолында екендігі түсіндірілді. Оқушылар денсаулықты бағалау, қорғау және нығайту жолдары туралы мол мағлұмат алып, салауатты өмір салтының өмір сапасына тікелей әсер ететінін ұғынды.
