20
наурыз
2025
"КӨКТЕМГІ КАНИКУЛ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ"
"КӨКТЕМГІ КАНИКУЛ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ" Мектепте 2025 жылдың 20 наурыз күні 1-11 сынып білім алушыларының және сынып жетекшілерінің қатысуы мен бала қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында лездеме өтті. Мектеп директоры К.А.Боржуков білім алушыларға көктемгі каникулда жақсылап демалып, қауіпсіздік шараларын (жолда жүру ережесін сақтау, өзен. көлдердегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, өрт қауіпсіздігі, көкпар ойынына бармау) сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудан орталығына ата-аналарынсыз немесе заңды өкілінсіз бармау, түнгі сағат 22.00 ден кейін кафелерде, ойын клубтарына бармау, көшеде бей-берекет жүрмеу керектігін қатаң ескертті. Рамазан айында ата-аналарынсыз мешітке баруға, сынып болып ауыз ашар жасауға, жарапазан айтып көшеде жүруге болмайтындығын айтты. Сынып жетекшілерге көктемгі демалыс кезінде білім алушылардың ата-аналары мен тығыз байланыста болу керектігін тапсырды.
![]() |
![]() |