05
наурыз
2025
«Меркі» музейіне саяхат
Мектепте «Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы барысында 5-сынып оқушыларымен «Меркі» музейіне саяхат жасады. Меркі тарихи-өлкетану мұражайы - 1983 ж. қоғамдық негізде құрылып, 1984 ж. мемлекеттік мәртебе алған. Мұражай 1987 ж. жаңа екі қабатты ғимаратқа көшкен. Мұражайдың жалпы аумағы 844 м², оның 609 м²-і, экспозицияға, 28 м²-і қорға берілген. Мұражай Ә.Марғұлан атындағы археология институтымен бірге Меркі ауданының ежелгі тарихи ескерткіштері түсірілген карта әзірледі. Мұражайда 12 қызметкер жұмыс істейді, директоры - Ш.Мамасерікова. Қазірі таңда мұражайдағы барлық экспонаттар 6 залға бөлінген: «Археология», «Туған өлкенің табиғаты», «Этнография», «Ұжымдастыру және Ұлы Отан соғысы», «Кеңес үкіметі периоды», «Тәуелсіз Қазақстан». Бүгінгі күнде мұражайда 13 мыңнан астам экспонаттар сақталған. Экспонаттар қатарында ежелгі уақыттардан сақталып келе жатқан адамзат тарихы үшін аса құнды мұралар аз емес екені туралы мұражай таныстырушысы Байділдаева Жадыра білім алушыларға таныстырды.
![]() | ![]() | ![]() |