07
қыркүйек
2021
Ертаева Айнур Нурлановна

Ертаева Айнур Нурлановна 1987 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келдім. Жуалы ауданындағы Жамбыл атындағы N20 мектепті 2004ж аяқтап, Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институтына физика мамандығы бойынша грантқа оқуға түстім. Аталған оқу орнын 2008 жылы аяқтап, Меркі ауданы N16 орта мектепте физика пәні мұғалімі болып жұмыс атқардым. 2016-2018 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде математика пәні мамандығы бойынша білімімді жетілдірдім. 2018 жылдан бастап, қазіргі таңда Меркі ауданы, Тұрлыбай батыр ауылында N34 ЖОББМ-де математика пәні мұғалімі және Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасаймын. Білімім жоғары, категориям педагог-модератор.