28
ақпан
2025
“Отаныма - мың алғыс!”
Көктемнің алғашқы күнімен келіп, көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке - Алғыс айту күні құтты болсын! Алғыс айту - жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет, қарапайым адамгершілік парыз. Алғыс айта білген адам алғыс арқалай алады. Сондықтан күн сайын, тіпті сағат сайын әртүрлі себептерге байланысты бір-бірімізге алғыс айтқанымыз артық болмас. Осы орайда мектебімізде “Отаныма - мың алғыс!” тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға ауылымыздың үлкен азаматтары, аталарымыз бен апаларымыз шақырылып, талантты шәкірттеріміз өз өнерлерін көрсетіп, алғыстарын білдірді. Мектеп директоры К.Боржуков келген қонақтарды ұстаздарды, шәкірттерді мерекемен құттықтап, алғысын білдірді. Мерекелік концерттік бағдарлама жоғары деңгейде өтіп, келген қонақтарымыз алғыс білдіріп, рахметін айтты.
#Біртұтас_тәрбие#Жамбылоблысы#Меркіауданы#34жоббм
![]() | ![]() |