05
қазан
2023
"Ұстазға алғыс" тақырыбында мерекелік концерт
Ұстаз деген — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды — келер ұрпаққа тәрбие береді. Осы орайда №34 жалпы орта білім беретін мектепте "Ұстазға алғыс" тақырыбында мерекелік концерт өтті. Мерекелік іс-шараға Омарбеков Жұмабек ағайымыз бастаған барша ардагер ұстаздарымыз қатысты. Мектеп директоры К.Боржуков ұстаздарды төл мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Білім алушыларымыз әсем әндері мен билерін нақышына келтіріп билеп ұстаздарға мерекелік көңіл күй сыйлады.

