10
қаңтар
2025
«Komek Stop Bullying» ақпараттық жүйесі
№34 ЖОББМ 2-11 сынып білім алушыларына ДТІЖО: Ертаева А. мен мектеп психологі Нурмаханбетова Г. дәліздегі, оқу кабинеттерде ілініп тұрған ақпараттық парақшалар туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. «Komek Stop Bullying» ақпараттық жүйесін жалпы орта білім беретін мектептеріне енгізілгені туралы білетіндерін, енді 111- QR коды тәулік бойына жұмыс жасайтындығы туралы түсіндірді.
Осы орайда , «Komek Stop Bullying» орталығы әр мектепке арнайы QR кодын әзірледі. Бұл QR кодттың мақсаты - кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасында буллинг, кибербуллинг, зорлық – зомбылық, бопсалауды дер кезінде анықтау, көмек көрсету, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. QR кодтты А-4 форматтарында көшіріп алып, мектеп ғимаратының дәлізіне оқушыға қолжетімді жерде орналастырылып, білім алушылар арасында түсінідірме жұмысы жүргізілді .
Оқушыларға қатысты буллинг, кибербуллинг, зорлық – зомбылық, бопсалау орын алып жатқан жағдайда балалар осы QR кодты сканерлеу арқылы көмек сұрай алатындығы туралы айтылды. Егер оқушы осы QR кодты сканерлеген жағдайда жауапты тұлғаларға 3 минутта смс келеді, жауапты тұлгалар дер кезінде көмек көрсете білуі тиіс.
